Шек беру құрбан айттан бір күн бұрын мал сойып көрші қолаңды туыс

👁 58 мың · ❤ 1,8 мың · 💬 61

Шек беру деп қайтыс болған адамдарға арнап Ораза айты мен Құрбан айттан бұрын мал сойып, туған-туыс жақындарын шақырып құран бағыштауды айтады. Зулхижжа айының алғашқы 10 күнінде жасалған амалдардың сауабы көп екендігі жайлы хадистерде келтірілген. Шек беру де осы айда жасалатын ізгі амалдарға кіреді. Дегенмен, қазіргі кезде құрбан айтынан бір күн бұрын мал сойып, шек беріп, айт күні құрбан шалмайтындар да бар. Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу-уәжіп. Сойылған мал «уәжіп құрбандық» боп есептелуі үшін Құрбан айт намазы басталған уақыт пен айттың үшінші күнгі ақшам намазы аралығына дейін жалғасады. Ендеше, Құрбан айттан бір күн бұрын шек беру мақсатында мал сойған кісі тұрмысы төмен болса, Құрбан айты келгенде қайта құрбан шалуының қажеті жоқ. Ал, бақуатты кісі айт күнінде қайта «уәжіп құрбан» шалуы тиіс.

Видео мәтіні

Шек беру құрбан айттан бір күн бұрын мал сойып көрші қолаңды туыс туғанды жинап марқұмдарға құран оқытуға айтылады бұның шариғатта ешқандай әбестігі жоқ десе де кейбір кісілер ішекке сойылған мал құрбан ретінде есептеледі кімде кім шек шалатын болса ол адамға құрбан айт күні құрбан шалу уәжіп емес міндетті емес деген қате түсінікте бұл дұрыс емес іс. Сондықтан, бір кісі құрбан айттан бір күн бұрын шек шалатын болса егер де осы кісінің жағдайы жетпейтін жағдайы төмен адам болса әрине құрбан айт күндері құрбан шалу міндетті емес, бірақ бұл кісінің жағдайы жеткілікті материалдық жағдайы құрбан шалу шартына толатын адам болсын.

Автор: Жүсіп Шұғай