Сиыр құрбанына жеті адамнан аз кіруге бола ма?
👁 20 мың · ❤ 570 · 💬 13
Қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.Қой немесе ешкіні тек бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болады. Сондай-ақ жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.
Видео мәтіні
Сиыр енді қой бір адамдық қой бір адамға жарайды сиыр енді жеті адамдық сиыр мен түйе жалпы бірінші шарта жоғарыда айтқанымыздай ол екі жасқа толған болу керек сиыр сонда жақсылап таңдау керек оны екінші шарты енді бұл жерде дәл жеті адам бірлесу керек деген сөз. Емес ол арғы жақтан ақшаң толып тұр сенен ақшаң бар сиыр алатын, бірақ үш адамсыз да үш адамда бөліп шығарып тұрсыз ойбай бұл болмайды үш адам жеті адамға толтыру керек деп ара жақтан тағы біреулерді іздеу қажет емес ол жерде ең шегі жеті адам ең көбі жеті адам әйтпесе алты адамда бірлесіп бес адамда үш адамда екі адамда бірлесіп бір адам да шала беруіне болады сиырды негізді алла разалық үшін құрбан шалу ниеті болу керек. Ал егер де солардың ішіндегі біреуінің. Мысалы, қарасаңыз ниеті жаңағы жай ғана бір адам айтты мен жасау керекпін, не болмаса ы сол еті арзан кезде жақсы мүмкіндік боп тұр етке жетіп алайын деген арзан етке қол жеткізейін деген мақсат болатын ба? Сонда құрбандары дұрыс болмайды.