Таң намазынан бастап дейді
👁 7,1 мың · ❤ 480 · 💬 6
Ниет – адам баласының нақты мақсатын қозғаушы күш болып есептеледі. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де осы ниеті. Бүгінде ниетті бата арқылы білдіру қазақ халқының тұрмысына сіңген дәстүрге айналған. Ниетті тұрақты ұстау адамның өзі, оның жеке болмысы. Ниет адамның табиғаты болғандықтан, оны түбірімен өзгерту мүмкін емес, оған тек белгілі мөлшерде әсер етуге ғана болады. Ал ниетті бұзушы – нәпсі болса, қорғаушы – ары және иманы. Ниет - адам әрекетінің нақтылы мақсатын білдіреді. Қандай да бір істің орындалуында ниеттің орны ерекше. Адамның өз қалауымен жасаған жақсы - жаман әрбір ісі түпкі ниетіне байланысты. Сахаба Әбу Хурайра: «Жүрек - патша. Ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады» деп, барлық мәселенің дұрыс бағытта болуы тікелей ниетке байланысты екенін ескерткен. Дана халқымыз да: «Жақсы ниет - жарым ырыс», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бойды жаздырмайды», «Адамның құлқы түзелмей, құлпы түзелмейді», «Пейілі жаман пәлеге жолығады, бітпейтін жалаға жолығады» деп ниетке байланысты ұлағатты сөздер қалдырып, ұрпақ тәрбиесіне мән берген.
Видео мәтіні
Таң намазынан бастап дейді. Сіз бүгінгі күніңізге ниет етіңіз и алла тағала мен бүгін бір мұсылманды ренжітіп алмайшы бір мұсылманды боқтап қоймайын тіліммен бір мұсылманға көмегім тисінші менің түсінікті ме? Осы бүгінгі күнім менің сауапқа толы өссін деп таң намазында ниет етіп алыңыз сіз егер ниет етсеңіз алла тағала сізге береді өзің шамаң келетін ғибадатты ниет еттің мен бүгін. Мысалы, бір жүз теңге садақа беруге ниет еттім дейсіз немесе қандай шамаң келетін көтере алатын бір ғибадаттарды ниет ету керексің жақсылықтарды алла тағала мүмкіндік берсе жасайсың егер мүмкіндігің болмай қалды сонда жасағанның сауабын береді алла тағала өйткені сіз таңнан бастап соған ниет етіп қойғаныңыз үшін.