Тоғыз ай он күн толғайды өмірге мені жолдайды алты қат аспан астында

👁 14 мың · ❤ 589 · 💬 70

🤍 Ең үлкен арман орындалған сәт… Өмірдегі бала жүрегіне тікендей қадалатын нәрсе — өзіңнің ең жақын қормалы, аяулы анаңның көз алдыңда қартайып, аяқ-қолынан дәрмен кетіп, қарттықтың қақпанына ілінгенін көре тұра, шарасыздық таныту екен. ⠀ Анамыз — өмірде көп қиындық көрген адам. Он бір құрсақ көтеріп, біздерді аман-есен өсіріп, ел қатарына қосты. Он алты жыл алыс жерде оқуда жүргендіктен, ата-анамыздың қасында бола алмадым. ⠀ 2016 жылы Мысыр елінде оқып жүргенімде, әкеміз өмірден өтті (Алла Тағала рақымына бөлесін). Аллаға шүкір, анамыз әлі күнге дейін өмірде. ⠀ Міне, бүгін — болашақта артыма қайырылып қарағанда, мен үшін сөзсіз ең бақытты сәттердің бірі болып қалатын кездерді басымнан өткерудемін. Өмірдегі ең үлкен арманымның бірін орындап, аяулы анамды қолтығынан демеп, қасында болып, балаша еркелеп, қасиетті мекенге өзім алып бардым. ⠀ Бала үшін бұдан артық бақыт болмас. ⠀ 🤲 Құрметті достар! Ата-аналарыңыз өмірде болса, барынша қадірін біліңіздер. Өздеріңіз қызметінде болып, мүмкін болса, қажылыққа апарыңыздар. ⠀ ✨ Өмірдегі ең маңызды нәрсе — бір-бірімізге деген сыйластық. ⠀ 🕋 Сіздерге де қасиетті мекенге жақындарыңызбен бару нәсіп болсын! Ата-анамыз аман болсын!

Видео мәтіні

Тоғыз ай он күн толғайды өмірге мені жолдайды алты қат аспан астында анамдай адал болмайды анамдай адам болмайды жалғызым жаным жан апа мақтанамын қалақан ананың жаны боз сорғай баланың жаны балабан адамды алла көп сынар әкенің сөзі оқ шығар анаңдай сұлу адамзан шұмақ жақта да жоқ шығар.

Автор: Жүсіп Шұғай