Жалпы біздерге дәретсіз құран оқуға бола ма

👁 42 мың · ❤ 3,3 мың · 💬 106

Құранды дәретсіз ұстауға болмайды. Бірақ ұстамай, дәретсіз оқуға болады. Ғұсылы болмаған адам Құранды ұстауға да, ұстамай жатқа оқуға да болмайды. БҰЛ АҚПАРАТТАН ХАБАРЫҢЫЗ БАРМА?

Видео мәтіні

Жалпы біздерге дәретсіз құран оқуға бола ма? Деген сұрақ көп келеді дәретсіз құранды ұстауға болмайды мынау қолымдағы құранды. Мысалы, мен дәретсіз ұстай алмаймын сыртын да ішінде, бірақ егер де менің жаттаған сүрелерім болатын болса соны қайталау үшін құран ұстамаймын, бірақ ойымнан өзім қайталау үшін дәретсіз құранды оқи беруіме болады қайталай беруіме болады. Ал енді телефондағы құранды оқу мәселесіне келетін болсақ телефонның ішінде құран бар біз осыны енді ғалымдарымыз рұқсат еткен ғалымдар бар бұл телефонда құранды дәретсіз оқи беруге немесе былай ауыстырып бетінен ұстай беруге болады деген бұған рұқсат әрине енді әдебіне тақуалыңызға салатын болсаңыз бұны да ұстаған кезде дәретіңіздің болғаны дұрыс. Бірақ енді сапардасыз жолда кетіп бара жатсыз дәрет алуға мүмкіндік жоқ ол кезде ұстап ауыстырып оқи беруіңізге болады телефондағы құранды. Ал енді дастарқан басында, не болмаса бір аста жаңағы марқұмға бағыштап құран оқыған кезде сол құранды бағыштайтын құранды дастархан басындағы дәретсіз оқуға бола ма? Деген мәселеге келетін болсақ бұл құранды мүмкіндігінше дәретпен оқығанымыз дұрыс өйткені ол жерде біз құран оқығаннан кейін сол марқұмға бағыштап дұға жасаймыз ал дұғаның қабыл болуының әдептерінің бірі сол дұға жасап жатқан адамның дәретпен жасау дұғаны. Сондықтан, ол жерде мүмкіндігінше оқыған кезде дәретпен оқығанымыз дұрыс алла тағала қосушылықтарымызды қабыл қылсын.

Автор: Жүсіп Шұғай